CaspianLife, 19 қаңтар — Маңғыстау облысы Түпқараған ауданындағы Kazakh osseter зауыты бекіре балығының қара уылдырығын алғаш рет шығара бастады.
Ғылыми-өндірістік кәсіпорын 7 жылдан бері жұмыс істейді. Ондағы мамандар Каспий теңізіндегі бекіре балығының 6 түрін арнайы су бассейндерінде өсіріп келеді.
2*10*-уылдырық алу үшін 2,5 ай бұрын зимовка, қыстау жасақтадық. Содан соң білікті мамандарды шақыртып, балықтарды ультрадыбыстық зерттеуден өткізгенбіз. Тәулігіне толғақ шақыртатын Мәскеуден арнайы әкелінген укол салдырдық. Қыстау жері температура +1 +2 болуы керек, — дейді Kazakh osseter зауытының басшысы Тұрсынгүл ЖАҚЫПОВА.
Нәтижесінде бекіреден уылдырық алына бастады. Оны мамандар сүзгіден өткізіп, тазартады. Сонан соң 72 градуста қайнатылған ыдыстарға уылдырықты салып, оны арнайы технологиямен консервілеп дайындайды. Уылдырық шашқан балықтар суға қайта жіберіліп, өндіріс процесі енді тек 2 жылдан соң қайталанады. Балық өсіру және одан уылдырық алу ісіне «Жайық-Атырау» бекіре балық өсіру зауытының білікті қызметкерлері де көмектескен.
1*40-жақсы қыстаған екен. 250 балықтан 30 кг үстінде уылдырық уылдырық шығардық. Келесі жылы сүйрік жақсы бақса уылдырық береді, осетра 2-3 жылда береді, — дейді «Жайық Атырау» бекіре балық өсіру зауытының қызметкері Майра ЖЫЛҚАШЕВА
Бекіре уылдырығы зауыттың Ақтаудағы дүкендеріне сатылымға шығарылды. Бір келісі- 260 мың теңге. Алдағы уақытта тапсырыс болып жатса еліміздің өзге өңірлеріне де жөнелту жоспарланған.