CaspianLife, 5 қараша – Атырау облысының балық қорғау инспекциясы мамандары қытайлық ауға қойылған шектеуге байланысты шыққан дауға нүкте қойды.
Еске сала кетейік тамыз айынан бері балықшылар құрма ауға тыйым салынғандықтан балық аулауға арналған басқа құралдармен нәпақа табуға міндеттелген болатын. Дегенмен бұл өзгеріс атыраулық балықшылардың наразылығын тудырды. Олар вентерьмен балық аулаудың қиындығын алға тартады.
Ал Құрманғазы ауданы — вентерьді кәсіби түрде пайдаланатындардың отаны. Осыған орай біз арнайы құрылған комиссиямен бірге аймақтағы балық аулау құралдарын жіктеп, салыстырып көрдік.Дәл осы тұста ескеретін нәрсе, ауға тыйым салудың негізгі себебі балық ресурсының күрт азаюы еді.
Құрма аудан зиян келе ма, я болмаса жаңағы вентерден зиян келе ма? Сонымен қатар өзіміз айтамыз ғой жаңағы балық аулағанда, кәсіпшілік балық аулағанда балықты яғни қорламай алуымыз керек гуманс ретінде. Сондықтан жаңа өзіңіз көргендей құрма аудан өлі бекіре тұқымдас балықтар шығып жатыр. Сонымен қатар қара балық тұқымдас балықтар да көбі өлі шығып жатыр, — дейді Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы Нұрлыбек Гайсин.
Вентерьдің бір ерекшелігі — түскен балық торға тоғытылмайды және өлмейді. Шабақтар түскен жағдайда, суға қайта жіберуге болады. Ал құрма ауға түскен балықтар оратылып, судан өлі күйінде шыққанына өзіміз куә болдық. Сондай-ақ бекіре тұқымдас балықтар табиғи ортасына шабақ күйінде жіберілгеннен кейін жетіліп үлгермей, қытайлық ауға түсіп, шыға алмай қырылып жатқанына көз жеткіздік. Ал тірі қалғандары су астына қайта жіберіледі.
Құрма ауға шектеу қоюшылардың сөзінше, олардың мақсаты – балық қорының азаюының алдын алу. Екіншден шабақтарды табиғи ортасына жіберу арқылы сақтап қана қоймай, экологиялық зиян келтірместен тауарлық балық аулауды арттыруға мүмкіндік береді.