CaspianLife, 6 қазан – Махамбет ауданында 3 үйдің 3 баласы тірідей жанып кетті.
Қайғылы оқиға кеше кешкілік Ортақшыл ауылындағы үйлердің бірінің қорасында болған. Өрт сағат 11-лер шамасында сөндірілгеннен кейін, сол жерден үш баланың сүйегі табылған. Табылған денелер сол күні ойнауға шығып кетіп, үйлеріне оралмаған 2012, 2014 жылдары дүниеге келген балалардыкі болуы әбден мүмкін. Балалардың сүйектері сот-медициналық сараптамаға жіберілді
Ауладағы жиналған 22 дана рулон шөптің жанып жатқаны анықталды. Өрт 23:07 де толығымен сөндірілді. Алайда 6 қазан күні 00:02 минутта Махамбет аудандық полиция бөліміне 3 кәмелет жасына толмаған балалардың белгісіз жағдайда жоғалғаны туралы хабарлама келген. Іздестіру жұмыстарына ТЖД қызметкерлері, 3 бірлік техника, 2 кинологиялық есебі, полиция қызметкерлері мен ауыл тұрғындары жұмылдырылған. Жоғалған 2014 жылғы екі бала мен 2012 жылғы бір баланың денесі өртенген шөптің арасынан табылды, — деп мәлімдеді Атырау облыстық ТЖД бастығының орынбасары Жасұлан АҚТАЕВ