CaspianLife, 1 қыркүйек — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің екі палатасының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жолдады. Жиын ҚР мемлекеттік әнұранымен басталды. Мемлекет басшысының Жолдауын тыңдауға депутаттармен бірге премьер-министр, мемлекеттік хатшы, министрліктер мен басқа да мемлекеттік органдардың басшылары жиналды.
Президент өз сөзін Қазақстанға бюджетті басқару бойынша ережелер жиынтығы қажеттігімен бастады. Яғни, оны әзірлеп, жыл соңына дейін қабылдау керектігін айтты.
«Бюджет тапшылығы мен Ұлттық қордан трансферт ұлғаятын үрдіс пайда болды. Мұндай жолмен жүру нәтиже бермейді. Бюджет кірістерін ұлғайту бойынша шаралар қажет. Бірақ, ең алдымен, шығындарды бақылау керек», — деді ол өз сөзінде.
Тоқаев Ұлттық геологиялық қызметті құру қажеттігін де атап өтті. Жер қойнауына қол жеткізу ашық талқылаусыз адал болуы керек.
Президент шенеуніктер жауапкершілікті бір-біріне жүктейтінін алға тартып, оны тоқтату керектігін айтты.
Азық-түлік бағасын реттеу бойынша бір органды анықтау қажет. Ол үшін 1 ай мерзім берілді.
Елімізге IT саласы бойынша жас мамандар қажет. Шамамен 100 мың маман. Президент цифрландыру жөніндегі міндеттер қойып оны мемлекеттік секторды толық қайта жүктеу деп атады. Соған қатысты жақын арада түбегейлі шешімдер қабылдау қажет және қазақстандықтар мемлекеттік қызметтердің 100 пайызын смартфондардан алуы тиіс, деді.
Ауғанстанға байланысты да пікір айтылды. Қазақстан кез келген жағдайға дайын болуы керек.
Коронавирустық инфекциямен күрес туралы айта отырып, қазақстандық вакцинаны мақтауды да ұмытпады.
Ел басшысы Қазақстанның білім беру жүйесіне де тоқталды. Білім ордаларына мұғалімдер қажет және олар тиісті курстардан өтуі керек. Бірақ, өз есебінен емес, деді президент. Сондай-ақ, мектептер санын да көбейту керектігі айтылды. Бүгінде 255 мың орын жетіспейтін көрінеді. Соған байланысты Тоқаев мың мектеп салуды тапсырды.
2024 жылы қазақстандықтар аудан әкімдерін сайлауға мүмкіндік алады. Пилоттық режим болса да.
«Орыс тілі ресми тіл мәртебесіне ие. Біздің заңнамаға сәйкес оны пайдалануға кедергі жасау мүмкін емес», — деп нақтылады президент.
Ең төменгі жалақы мөлшерін қайта қарау қажеттігі айтылды. Себебі, ол 2018 жылдан бері бір мөлшерде тұр.
1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 60 мың теңгеге дейін өседі. Бұдан былай 42500 теңге болмайды.
Президент зейнетақыны «Отбасы Банкінің» депозиттеріне аударуға рұқсат беру керектігін айтты.
Тоқаев жәй ғана отырғысы келетін және тапсырмаларды орындағысы келмейтін шенеуніктерді қызметінен кетуге шақырды.
Өткен жылы да Тоқаевтың жолдауы 1 қыркүйекте болды. Ол кезде коронавируспен күрес, мемлекеттік басқару тәсілдерін өзгерту, мемлекеттік аппаратты қысқарту, квазимемлекеттік секторды реформалау, жолдарды қайта құру, жауапсыз кредит беру мәселелері қозғалған болатын.