CaspainLife, 24 мамыр – Аспалы жолда болған апаттың кесірінен 13 адам қайтыс болды. Бұл – салынған тыйымдар алынып тасталғаннан кейінгі Италия туризмінде болған жағдай.
Оқиға Маджоре өзенін бойлай орналасқан Стреза елдімекені маңындағы Моттароне тауында болды. Темір арқан таудың шыңына 300 метр және соңғы тіреуден 100 метр қашықтықта үзілген. Бұл ең биік нүкте болып саналады. Адамдар мінген кабина 1 жарым километр биіктіктен жерге құлаған. Құтқарушылардың сөзінше, ешқайсысының аман қалу мүмкіндігі болмапты. Дегенмен 5 және 9 жасар екі бала ауыр жағдайда тікұшақпен Туриндегі ауруханаға жетізілген.
Оқиға орнына жедел жеткен дәрігерлер мен сарапшылар арқанның үзілу себебін анықтап жатыр. Соған байланысты демалыс орны уақытша тоқтаған.
Маттаронедегі бұл орын 7 жыл бұрын ғана техникалық байқаудан өткен. Соңғы кездері карантинге байланысты біраз уақыт жабық болды.