Қытайда даулы заң қабылданғаннан кейін ажырасу саны 70 пайызға азайды. Бұл туралы Tengrinews сайты хабарлады.
Қытайдың Азаматтық істер министрлігі мәліметі бойынша, 2021 жылдың бірінші тоқсанында елде 296 мыңға жуық ажырасу дерегі тіркелген. Бұл көрсеткіш 2020 жылы миллионға жеткен.
Оған Үкіметтің 1 қаңтардан бері «ойлану» кезеңін міндетті етіп заңдастырғаны себеп болып отыр. Азаматтық кодекске енгізілген жаңа түзетуге сәйкес, ерлі-зайыпты ажырасуды ресми тіркеу үшін 30 күн күту керек.
Үкімет ажырасудың өсуіне байланысты туу деңгейінің күрт төмендегені үшін дабыл қағып, заң қабылдады. Егер 30-ыншы күннен бастап 60-шы күнге дейінгі кезеңде ерлі-зайыпты уәкілетті органға қайта өтініш білдірмесе, олардың өтінімі күшін жояды. Дегенмен ерлі-зайыптының бірі отбасындағы зорлық-зомбылықтан кейін ажырасуды талап еткен жағдайда ғана «Ойлану» кезеңі берілмейді.
Жалпы, қытайлықтар жаңа заңға наразы. Халық заң жобасы отбасылық өмірдегі еркіндікті бұзады деп санайды.
«Бақытты болу үшін неке қажет емес, бірақ ажырасу керек» дейді тұрғындардың бірі.
2003 жылдан бастап Қытайда ажырасу саны тез өсті, бұл демографиялық дағдарысқа әкелді. Сарапшылардың айтуынша, бала туудың төмендеуіне байланысты Қытай халқы ғасырдың аяғында екі есе қысқару мүмкін.