CaspainLife, 13 мамыр – Ұлыбритания соты премьер-министр Борис Джонсонға бірнеше жүз фунт стерлинг айыппұл салды.
Нақтырақ айтқанда британиялық округ соты Премьер-министрден 535 фунт стерлинг (322 мың теңге) төлеуді талап етті. Джонсонға не үшін айыппұл салынғаны әзірге белгісіз. Іс құжаттарда саясаткердің ресми тұрғылықты жері — Даунинг-стриттегі резиденция көрсетілгені ғана белгілі.
Премьер-Министрдің өкілі үкімге шағымданатындарын хабарлады.
«Шешімнің күшін жою, талапты алып тастау және талапты толығымен негізсіз деп тану туралы өтініш беріледі», — делінген премьер-министр өкілінің мәлімдемесінде.
Айта кетейік, шешім консервативті партия инвесторларының бірі Джонсонның пәтерін жөндеуге 58 мың фунт (34 миллион теңге) көлемінде қайырымдылық жасап жатқанын хабарлағаннан кейін екі аптадан аз уақыт өткен соң шығарылды.
Джонсон болса жеке пәтерін жөндеуге ақшаны өз шотынан төлегенін бірнеше рет мәлімдеді.
Фото: интернет желісінен