Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігері Ерлан Қиясов Ashyq жобасы туралы жаңа қаулы шығарды. Оған үш кезең ішінде кинотеатрлар, театрлар, караоке, концерт залдары және басқа да бірқатар мекеме кіреді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қаулыда бірінші кезеңде 14 сәуірден бастап жобаға мына мекемелер қатыса алатыны айтылған:
1) кинотеатрлар;
2) театрлар және филармониялар;
3) банкет залдарын, асхана, фаст-фуд, стрит-фуд үлгісіндегі объектілерді қоспағанда қоғамдық тамақтану объектілері;
4) ерікті қатысушылар;
Екінші кезеңде 2021 жылғы 21 сәуірден бастап:
1) облысаралық және қалааралық жүйелі месе (туристік) тасымалдар;
2) бильярд клубтары;
3) концерт залдары;
Үшінші кезеңде 2021 жылғы 5 мамырдан бастап:
1) караоке;
2) жасыл аймақтағы банкет залдары (толтырылуы бір залда 50 адамға дейін, 1 келушіге кемінде 4 ш. метр).