Пара алды деген күдікпен Атырау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы ұсталды. Бұл туралы Ақ Жайық сайты хабарлайды.
Басылымның жазбасына сүйенсек, шенеунік 25 наурызда таңертең жұмыс орнында ұсталған.
Ол жалданған әрбір шетелдік үшін жұмыс берушілерден 500 мың теңге алды деп күдіктелуде.