Мамандандырылған ХҚКО-нда көрсетілетін сервистерді пайдалану мүмкін болмай жатыр. Бұған себеп — ҚР Ішкі істер министрлігінің ақпараттық базасындағы техникалық ақаулар.
Оның ішінде жүргізуші куәлігін беру, жарамдылық мерзімі өткен құжатты ауыстыру және көліктерді есепке тіркеу мен шығару, оған қоса көлік нөмірлерін ауыстырып беру сынды қызметтер қолжетімсіз болып отыр.Түсірілім тобы барған сәтте орталық іші қазандай қайнап жатты. Көпшілік база қалыпқа келер деген үмітпен күтіп отырғанын жасырмайды.
Басшылық болса бүгінгі техникалық ақаулардың қашан қалыпқа келетінін дөп басып айта алмаймыз дейді.
Жалпы мамандандырылған ХҚКО күніне шамамен күніне 500 адамға 30-ға жуық бағытта қызмет көрсетеді. Қалай десек те, құжат соңында жүрген құжынаған халыққа қалыпты жұмыстың қашан басталарын дәл айтып жатқан ешкім байқалмайды.