Арайлым Қайрақбай 8 жаста. Ол гипоксиямен туылып, дамуында тежелу байқалған. Ата-анасы баланы 3 жасынан бастап психолог, дефектолог, логопед мамандарына апарады. Бүгінде жеткіншек мемлекеттік оңалту орталықтарында ем алып, үздіксіз жұмыстанудың арқасында әріп танып, ойын дұрыс жеткізе алатындай дәрежеде. Дегенмен Арайлымның анасы мемлекет берген көмектің кезегі 3-6 айда бір айналып келетіні қынжылтады, — дейді.
Нұрайна МӘТЖАНОВА, А.Қайрақбайдың анасы
Жалпы біздің сөздік қорымыз аз. Менің қызым өз ойын дұрыс жеткізе алмайды. Сондықтан оған логопед, дефектолог, психолог мамандар жұмыс жасаған жақсы. Бірақ ондай мүмкіндікті өзімнің қалтамның көтермегендіктен осындай поликлиникаларға жүгінеміз. Енді әрине көбірек болған жақсы. Жақсы нәтиже болуы үшін жоқ дегенде күніне үш рет болсада болу керек қой.
Облыста Арайлым секілді ерекше білім беруді қажет ететін 7000-ға жуық бала бар. Өкінішке қарай, олардың саны жыл санап артып келеді. Аймақта мұндай балаларға арналған 3 мектеп- интернат, 1 оқыту орталығы, 7 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті қарастырылған. Көп ұзамай қалада тағы бір түзету кабинетін ашу жоспарда бар, — дейді Атырау облыстық білім беру басқармасының бас маманы Анар Каюпова.
Ал дефектолог мамандар баланың тез дамып, қатарға қосылуы оның өзіне байланысты екенін айтады. Сондай-ақ, бұл жерде темірдей төзімді ата-ананың ерен еңбегін де айтпасқа болмайды.
Білім беру басқармасының мамандары осы уақытқа дейін Қызылқоға ауданында дефектолог мамандарына сұраныс болғандығын айтады. Дегенмен ол жақтағы мекемелерде штат ашылып, сұраныс қанағаттандырылып, мәселе шешілген көрінеді.