Қазіргі таңда қазақ жұртын дүр сілкіндіретін тақырыптың бірі жыныс ауыстыру. Алексей Цой басқаратын денсаулық сақтау министрлігінің жыныс ауыстыруға рұқсат беру туралы бұйрығы қабылданып қазақ жұртын шулатты. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі 2020 жылдың 25 қарашасында: “Гендерлік сәйкестілігі бұзылған адамдарды медициналық куәландыру және жынысын ауыстыру ережесін бекіту” туралы бұйрығы шықты.
Жыныс ауыстыру үшін адамның жасы 21-ден асуы керек, психикалық және мінез-құлық ауытқулары болмауы керек деген талап бар.