Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігінің келісімімен, Маңғыстау облысы әкімінің өкімімен Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасының басшысы болып Аманғали Нұрдаулетов тағайындалды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Аманғали Сүлейменұлы 1981 жылы Маңғыстау облысында туған. Білімі жоғары. 2000 жылы Ақтау шет тілдер колледжінде ағылшын тілі мұғалімі, реферант – аудармашы, 2006 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Карағанды мемлекеттік университетінде заңгер мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын Ақтау қаласы әкімі аппаратының іс жүргізуші мамандығынан бастаған. Кейін қалалық әкім аппаратында бас маман, жетекші мамандығы бойынша жалғастырған.
2010 жылы Мунайлы ауданы әкімі аппаратының Мемлекеттік–құқық бөлімінің бастығы, 2012 жылы Ақтау қаласы бойынша судан кұтқару кызметінің басшысы, 2016 жылы Форт-Шевченко қаласының әкімі, 2018 жылы Жастар саясаты жөніндегі баскарма басшысы, 2019 жылы облыстық Мәдениет басқарма басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
2019 жылдан бері осы уақыт аралығында Жаңаөзен каласы әкімінің орынбасары лауазымында болған.