Ата-ана атанғысы келетін атыраулықтар үшін жасанды ұрықтандыруға қажетті квота саны биыл 8 есеге көбейді.
«Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша 232 квота бөлініп отыр. Денсаулық сақтау басқармасындағылардың айтуынша, бұл кішкентайлы болуды аңсағандарға берілген үлкен мүмкіндік. Қазір облыста 800-ге жуық жұп балаға зәру.
Аталған мемлекеттік бағдарламаны белгілі бір талапқа сай келетін жұп қана квотаны иемдене алады. Ұрықтандыру процесіне шамамен 1,5 жыл уақыт кетеді. Мамандардың сөзінше, ерлі-зайыптылар ең алдымен репродуктолог мамандардың тексерісінен өтеді.
Айгүл ЖӘНДІЛДАШЕВА, дәрігер-гинеколог
Биыл Атырау облысы бойынша 232 квота бөлінді, ал өткен жылы бар болғаны 37 ерлі-зайыпты квотаға ие болған еді.Жолдама бірнеше критерийге сәйкес беріледі. Әуелі әйелдің жасы 18 жастан 42 жасқа дейін болуы шарт. Екінші антимиллер гормонының саны біреуден және гормондарды ширықтыратын фолликула саны 12-ден кем болмауы тиіс. Және ерлерге қатысты критерийлер өз алдына тағы бар.
Статистикалық мәліметтерге қарасақ, атыраулықтар келіншектердің жүктілік көрсеткіші өткен жылы 44 пайызды көрсеткен. Бұл елдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Жалпы Қазақстанда 14-ке жуық эко-орталық мемлекеттік тапсырыс негізінде жұмыс істейді. Сондай-ақ, 42 жастан асқан келіншектерге ЭКО-ны ақылы түрде жасатуға тура келеді. Бұл жағдайда ерлі-зайыптыларға бір жарым миллион теңге көлемінде қаражат қажет.