Айдың аяғына дейін Атырауға коронавирусқа қарсы 2000 доза вакцина әкелінеді. Мұны облыстың денсаулық сақтау басқармасындағылар хабарлады.
Айтуларынша, Қарағанды фармевецтикалық кешенінде «Спутник-Ви» вакцинасының өндірісі қарқынды жүріп жатыр. Препарат қауіпсіздігіне кепілдік берілген. Аймақтарды вакцинамен қамтамасыз ету үшін мекеме өндіріс көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр.
Жалпы Атырау облысындағы 650 мың азаматтың 60 мыңға жуығы осал топқа жатады. Басқармадағылардың айтуынша, екпе жұмыстарына қатысты мәселерді талқылау мақсатында облыс және аудан әкімдерінен құралған арнайы штаб жұмысын бастады.
Теңіз кен орнында вахталық әдіспен еңбек ететін қызметкерлерге екпе салу мәселесі де қарастырылып жатыр. Ал, «Теңізшевройл» компаниясы вакцинаның 90 мың дозасын сатып алу үшін қажетті қаражатты бөлуге дайынбыз деп отыр. Қазіргі кезде келіссөздер жүргізіліп жатқан көрінеді. Өйткені, медицина қызметкерлерін вакцинациялау бірінші кезекте тұр. Айта кетейік, «КазковидИн» вакцинасы клиникалық сынақтан өткізілуде