Бұл шағын Үштаған ауылында 30 жұп егіздің тұруы бірқатар БАҚ өкілдерінің назарын аударды. Елдімекен Маңғыстау өңірінде орналасқан.
2 мыңға жуық тұрғыны бар аядай ауылдың ерекшелігі сол, мұнда егіздердің ең үлкені 40-та болса, ең кішісі – 4 айлық. Сондай шаңырақтың бірі – Нұрмұқановтар отбасы. Бұл жанұяда егіз қыздар мен егіз ұлдар бар. 20 жастағы Бексұлтан мен Нұрсұлтан қазіргі таңда – студент. Олардың айтуынша, бұл – тұқымқуалаушылық. Өйткені, арғы аталары да егіз болған деседі.
Бексұлтан НҰРМҰҚАНОВ, егіздің сыңары
Бізге жеткен ата тек шежіресі бойынша соңғы 150 жылда бізден бұрын дүниеге келген егіздерді қосқанда жалпы саны 5 егіз дүниеге келген. Бұл енді тұқым қуалаушылық. Біздің үйде екі егіз. Әкемізбен атамызд да екі егіз болған. Одан кеін. Оның алдында да 1 ұл, 1 қыз егіз балдар болған.
Нұрсұлтан НҰРМҰҚАНОВ, егіздің сыңары
Кішкентай кезімізде бірге жүрдік. Бірге киіндік. Ал қазір есейдік. Университетте оқимыз. Мамадығымз екі түрлі. Бексұлтандікі мұғалім. Менікі Таукен институтында өндірістік бағытында оқимын. Сол Қазір есегеннен кейін киім киісіміз бөлек.
Қос студенттің туған апалары Гүлмира мен Гүлзира да егіз. Олар інілерінен бес жас үлкен. Қазір қыздардың бірі тұрмыста. Ауылда тұрады. Мамандығы – мұғалім. Ал сыңары Ақтау қаласына қоныс аударған.
Гүлмира НАЗАРОВА, егіздің сыңары
Ал сыңарым қазір қалада. Екеуіміздің мамандығымыз бірдей. Бір жерде оқцға түстік. Бір группада оқыдық. Бр партада отырдық. Мен қазір өзім тұрмысқа шықтым. Кішкентайым бар. Екеуіміз мұғалімбіз. Мен ауылда. Ал Гүлзира қаладағы мектепте мұғалім боп жасайды.
Бізбен тілдесуге сыңары Гүлзира түрлі себептермен келе ала алмады. Десе де, онымен бейнеқоңырау арқылы хабарласып, хал-жағдай сұрасудың реті туды.
Бір отбасыда, әсіресе бір ауылда көп егіздердің дүниеге келуі – сирек кездесетін құбылыс, дейді отанасы. Оны сөзбен айтып жеткізу қиын. Бұны Алланың берген үлкен сыйы деп те есептейді. Ал өзі әулетке егіздердің келуін жолдасының қанындағы тұқымқулаушылықпен байланыстырады.
Жаңагүл НҰРСЕБЕПОВА, анасы
Менің осы келген жерімдегі аталарымызда бар. Менің үлкен атамның, оның әкесі жағынан келген. Мен 96 жылы босанғанда екі егіз қызымдСонда менің атамның анасы болды. Үлкен енеміз. Ол кезде ол кісі 85 те. Үлкен енем 50 жылда ел жаңа деп айтты. 50 жылдан кейін бізге қайта келіп жатыр. Егіздер қайта келіп жатыр тұқымызға деді.
Уақыттың тығыздығына байланысты басқа да егіздер тұратын шаңыраққа кіріп шығу мүмкін болмады. Десе де, ел аузында бұл шағын мекенді «егіздер ауылы» деп атап кеткен. Жалпы, еліміздің басқа аймақтарында Үштаған сынды ерекше ауылдар некен-саяқ. Ал статистикаға жүгінсек, Қазақстан әлем елдері арасында егіздерді дүниеге әкелуі жағынан 48-інші орында екен.
Бақытжан Сатылханұлы