Ақпан айындағы алғашқы бұрқасын жол қозғалысына жайлы болмады. Кешелі бері жауған қарды аршуға «Спецавтобаза» ЖШС 50 шақты техника жұмылдырған.
Бастапқы бір күннің ішінде-ақ, 472 куб қар қаланың сыртына шығарылыпты. Ал тазарту жұмыстарына 90-ға жуық жұмысшы тартылған. Сондай-ақ, мамандар көше тазалығына кәсіпкерлер де көңіл аударып, техника жағынан қол ұшын созып жатқанын айтады.
Гүлшара ЫСҚАҚОВА, «СПЕЦАВТОБАЗА» ЖШС сол жағалау басқармасының басшысы
Бүгін таңнан бастадық. Біздерге тағы да қосымша техника беріп жатыр. Қазір бізге кәсіпкерлерде қол ұшын созып жатыр. Біздерде жұмыстың атқарылуы Сәтбаев көшесінен бастап Владимировский, Азаттық, Абай, Әуезов көшелері тазаланып жатыр.