Ақтаудағы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот өз жұмысын уақытша тоқтатты. . Қалалық Бас санитардың қаулысына сәйкес, осы айдың 19 — на дейін ғимарат табалдырығын аттауға болмайды. Яғни ,сырттан ішкі кіруге тыйым салынды.
Мұндағы қызметкерлер тек қашықтан жұмыс істейді. Сот процесі онлайн режимде өтеді. Ал кейбір істердің мерзімі белгіленген уақытынан ұзартылды. Талап –арыз берушілерге сот процесі жөнінде қосымша ақпарат беріледі дейді. Ал, қазіргі таңда ғимаратта залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.
Неге, не себепті сот жұмысы уақытша тоқтатылғаны туралы ешкім тіс жармай отыр. Естеріңізде болса, дәл осындай жағдай Алматы облысына да орын алған болатын. Онда Сот жұмысы түгелдей тоқтатылып, сала қызметкерлері қашықтан жұмыс жасауға кіріскен еді.