Мәдениет үйінің қызметкері құмар ойын үшін мемлекеттік мекемеге тиесілі музыкалық аспаптарды ломбардқа тапсырған. Бұл арқылы ол 70 миллион теңге көлеміндегі ақшаны қолына алды. Ол өзінің қателігін түсінген бойда болған жайтты директорына айтуға шешім қабылдапты. Бірақ қазір ағынан жарылған дыбыс режиссерына қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Барлық аспап қаладағы мәдени шараларды ұйымдастыруға арналған. Қызметкер карантиндік шектеулерде үлкен іс-шараларға тыйым салудың арқасында бес ай бойына осы істі дөңгелетіп отырған. Енді сот шешіміне орай мәдениет қызметкері алдағы 7 жылын темір торда өткізеді.
Боранбай ҒАЛИЕВ, Атырау облыстық сотының баспасөз хатшысы
Атырау облысытық шығармашылық орталығының дыбыс режиссері өзіне сеніп тапсырылған мүлікті иеленіп, талан—таражға салғаны үшін, ҚР КК 189бабының 4 бөлігі 2тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Оған осы бап бойынша жеті жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы ағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Сотқа дейінгі тергеу барысында дыбыс режиссері келтірілген залалды ішінара өтеп, 50 миллион теңге төледі.
Малика Такежанова