Қоғамдық тамақтану орындары үшін жұмыс жасау мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды Caspian Life.
«Қоғамдық тамақтану объектілеріне сағат 07.00-ден 24.00-ге дейін (ұжымдық іс-шаралар өткізбей, 50-ден аспайтын отыратын орын орнатып, 50% дейін толтырылуымен, үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 2 метр сақталуын қамтамасыз етіп), фудкорттар тек жеткізу қағидасы бойынша штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып жұмыс жасауға рұқсат етіледі» делінген Атырау облысындағы шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы Қаулыда.