Атырау, Caspian Life. Бүгіннен бастап қоғамдық тамақтану орындары кешкі сегізге дейін жұмыс істейді. Бұл туралы бас санитардың жаңа қаулысында жарияланды.
Сонымен қатар, енді мемлекеттік қызметкерлердің 80 пайызы қашықтан жұмыс істеу қажет, соның ішінде жасы елуден асқа азаматтар мен хроникалық ауруларға шалдыққандар жұмысты онлайн жасауға міндетті.
Оған қоса, сұлулық салондары мен косметологиялық қызмет көрсету орталықтарының жұмыс уақыты кешкі алтыға дейін қысқарды.
Осы уақытқа шейін балаларға арналған білім беру орталықтары, үйірмелер және медициналық мекендер де ашық болады. Ал, караоке, барлар жұмысына және мерекелік жиын-той, спорттық шаралар өткізуге салынған тыйым сол күйінде қалды.
Гүлназ ЕРБАТЫРОВА, облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары
Наурыз айынан бастап6 21 қаңтарға дейін 15297 жағдай тіркелді. Оның ішінде 70 пайызы симптомсыз түрінен тіркеліп отыр. Кинотеатрдың жұмысына тыйым салынған. Сонымен қатар, фитнес орталықтары онға дейін жұмыс күндері жұмыс жасайды да, ал сенбі, жексенбі күндері жұмыстарына, яғни қызметіне тыйым салынады. Сонымен қатар, сауна, спа, баня сияқты мекемелердің сенбі, жексенбі жұмысына тыйым салынып отыр.
Енді ХҚКО санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, таңғы 9-дан кешкі алтыға дейін ғана қызмет көрсетеді. Ал, сенбі, жексенбі – демалыс. Мамандардың сөзінше, орталыққа алдын-ала кезекке тапсырыс беру қажет. Ол үшін арнайы телеграм-бот және 1414 желісіне жүгінуге болады.
Басқа шектеу шаралары қаз қалпында сақталды. Жаңа шектеулер енген қаулы бүгіннен бастап күшіне енді.