«Отбасы банк» өкілдері қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін пәтер жөндеуге ала ала ма деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.
«Отбасы банктің» өңірлік даму директоры Рахиля Балтабаева ережеде зейнетақы жинақтарын жөндеу жұмыстарына алу қарастырылмағанын айтты.
«Өкінішке қарай, ережеде жөндеу жұмыстары қарастырылмаған. Сіз бір шарт шеңберінде тұрғын үй сатып алып, жөндеу жүргізген болсаңыз, жөндеу жұмыстарын жасай аласыз. Жеке жөндеу үшін рұқсат етілмейді», — деді ол.
Айта кетейік, бүгін Қазақстанда зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуға арналған өтінімдер қабылдайтын сайт 23 қаңтарда іске қосылатыны хабарланды. «Отбасы банк» өкілдері өтініш бергенге дейін қолданыстағы ЭЦҚ болуы қажет екенін ескертеді.
Биыл 2 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын алуға мүмкіндік беретін заңға қол қойған еді.
Кейінірек Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының өкілдері зейнетақы жинағының бір бөлігін қалай пайдалануға болатынын түсіндіріп берген болатын. Қордағылар қаражатты нақты қай мақсатта қолдануға болатынына жеке-жеке тоқталған еді.
Зейнетақы жинағының шекті сомасы