Маңғыстау облысында кішкентай нәрсете инсульт алды. 9 қаңтарда Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасына «ми қан айналымының бұзылуы» (жаңа туған нәрестелер инсульті) диагнозы қойылған бала жеткізілді. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.
Аурухана екі айлық сәбиде инсульт салдарынан миының ісінуі, дислокация синдромы және I-II дәрежелі кома тіркелгенін хабарлады. Дәрігерлердің арқасында 10 қаңтарда баланың жағдайы тұрақтанды. Шұғыл түрде сәбиге екі сағатқа созылған бассүйек трепанациясы отасы жасалды.

«Мұндай отада оң нәтиже сирек кездеседі. Бірақ біз баланы құтқарып қалдық. Қазіргі уақытта науқасты травматология бөліміне ауыстырды, ол орташа ауыр жағдайда, — деді балалар нейрохирургі Ербол Кенжевалов.
Айта кетейік, Вишневский атындағы ҰМЗО тамыр хирургиясы бөлімінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Андрей Чупин инсульт қаупін арттыратын факторларды атаған. Оның айтуынша, жоғары қысым, холестериннің жоғары деңгейі және темекі шегу — осы факторлардың бәрі инсульттің даму қаупін арттырады, ал 50 жасқа дейін инсульт әйелдерге қарағанда ерлерде жиі кездеседі.