Атырау, Caspian Life. 19 қаңтар – христиан дінін ұстанатындар үшін қасиетті күн. Себебі бүгін Крещение Господне мерекесі. Жыл сайын тойланатын діни мейрамды жергілікті халық та атап өтуде. Атырау қаласының православ тұрғындары арнайы жасақталған орында суға шомылып, діни жорағыларын жасады.
Андрей БАРАНОВСКИЙ, қала тұрғыны
Ауа-райының салқындығына қарамай, жыл сайын суға түсемін. Біріншіден, денсаулыққа пайдалы және денені қатайтуға септігін тигізеді. Бүгін жер бетіндегі барлық су атауы тазарып, құрамындағы жаман энергетикадан арылады. Бұл – табиғи процес.
Діни қызметкерлердің айтуы бойынша, Крещение Господне мейрамы — Иоанн Крестительдің Иордан өзенінде Иса пайғамбарды шоқындыруынан туындаған мереке. Осы орайда Успен соборының өкілдері қала тұрғындарын құттықтады.
Александр КОЗУЛЕВ, Атырау қаласы Успен соборының діни қызметкері
Осы тамаша күні қаламыздың тұрғындары мен қонақтарын ұлы мереке – Крещение Господне мейрамымен құттықтағым келеді. Әр отбасында жақсылық пен құрмет, махаббат и пәктік болсын деп тілеймін.
Жағада және мұз үстінде құтқарушылар мен полиция қызметкерлері және дәрігерлер қызмет атқаруда. Олар әлемдік пандемияға байланысты, келушілердің дене температурасын өлшеп, санитарлық нормаларға сәйкес әлеуметтік ара қашықтықты сақтауын қадағалап жүр.
Облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен, қала тұрғындарына барлық карантиндік шараларды сақтай отырып белгіленген аймақта дәстүрлі жаппай шомылуға рұқсат етілген.
Мейрлан Марданов