Атырау, Caspian Life. Қаңғыбас иттерді қарауына алған «Лохматый ангел» орталығында 30 дан аса ит бар. Оларды күтіп баптау үшін жанашыр жандар қаржылай көмек қылады екен. Тіптен төртаяқтылардың қазіргі баспанасы да еріктілердің еңбегі. Дегенмен көмекке әлі мұқтажбыз -дейді Анна Томас.
Анна ТОМАС, ерікті
Біздің қорды қаржыландырып отырған — қаламыздың кең жүректі тұрғындары. Оларға алғысымыз шексіз. Дегенмен әкімшіліктиен де қолдау көрсек, жақсы борлар еді. Себебі, бұл мәселені жоғары деңгейде көтеру қажет. Біз бұл істің өзімізден кейін тоқтап қалғанын қаламаймыз. Келешек ұрпақтың да бұл дәстүрді одан әрі жалғастырғаны жөн.
Бүлдіршіндерді жанашырлыққа баулимын деген әр жанға орталықтың есігі ашық. Мұнда «иттердің бәрі қабаған» деген жалған түсінік пен бойдағы қорқыныштан біржола арылуға болады. Балалардың бұлай асыр салып ойнағанына қарап, өзім де келгеніме ризамын -дейді Берік Әлжанов.
Берік ӘЛЖАНОВ, қала тұрғыны
Біріншіден, мақсатымыз — балалар қатігез болмауы үшін жүректеріне мейірім ұялату. Ата-аналардың қолдауымен мұнда бірінші рет келіп отырмыз. Балалардың көңіл-күйі өте жақсы, жақсы әсер алып отыр. Осы жерге келгеніміз өзімізге де қатты ұнады. Жалпы осындай шараларға алдағы уақытта қатысып келіп тұрамыз деген ойдамыз.
Соңғы кездері жануарларға жасалған жауыздық жаға ұстатып-ақ тұр. Әр түрлі тағдырмен аталған орталыққа тап болған төртаяқтылар – соның дәлелі. Деген олар өз иелерін табудан үмітті- дейді мамандар.
Жарқынай Қанатова