Атырау, Caspian Life. Атырауда жыл басынан бері 40-тан аса заңсыз балық аулау фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалған. Соған сәйкес 100-ге жуық ау тәркіленген.
Сондықтан инспекция мамандары брокеньерлердің ізін кесу үшін күні-түні қызмет етуде. Бірақ, істерін дұрысқа санағандардың арасында қорғаушыларға күш көрсетіп, жұмыстарына кедергі келтіретіндер де кездесіпті.
Тіпті, тұрғындар Жайық бассейніндегі балық қорын қорғайтындардың қызметтік көліктеріне зиян келтіру мақсатында мұз бетіне арнайы шегелер орнатқан. Соның кесірінен бірнеше көліктің дөңгелегі жарамсыз болып қалған. Халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатқанмен, ескертпеге елең етіп жатқандар аз,- дейді инспекторлар. Ал кеш болса, Жайық бойын жағалайтын тұрғындар жауапкершіліктен қашу үшін қисынсыз қырық сылтау айтатын көрінеді.
Сонымен қатар, азаматтар қанжығасын балықпен толтырып қана қоймай, Жайық жағасына қоқыс тастайтын көрінеді. Қоқыстың басым бөлігі – ау құралдары. Егер өзен маңы уақытылы тазаланбаса мұз еріген сәтте Жайық қалдықтармен толып кетеді.