Дональд Трампқа Ирак генералын өлтіруге бұйрық берді деген айып тағылды
Ирактағы «Әл-Хашд аш-Шааби» әскери бөлім басшысының орынбасары Әбу Махди әл-Мухандис пен Касем Солейманидің өлімін тергеуге уәкілетті сот Дональд Трампты қамауға алу туралы бұйрық шығарды.
3 қаңтарға қараған түні АҚШ ирандық генерал мен орынбасардың көзін жою үшін Бағдад халықаралық әуежайы маңында операция жүргізген еді. Себебі Вашингтон 2019 жылдың 31 желтоқсанында Бағдадтағы Америка елшілігіне жасалған шабуылға Ирактың қатысы бар деп айыптаған. Иран бұған жауап ретінде Ирактағы АҚШ базаларына соққы берді.
“Эр-Расафа сотының судьясы АҚШ президенті Дональд Трампты Ирак Қылмыстық кодексінің 406-бабының ережелеріне сүйене отырып қамауға алу туралы бұйрық шығарды”, — деп хабарлады Ирак Жоғары сотының баспасөз қызметі.
Президентті қамау туралы ордер алдын ала тергеу аяқталғаннан кейін шыққан. Қылмысқа қатысы барларды анықтау үшін Ирак тарапы тергеу ісін әлі де жалғастырмақ.
Іс материалына Дональд Трамптың соққы беру туралы бұйрық бергені көрсетілген видео енгізілді. Бағдад халықаралық әуежайы басшылығы мен қызметкерлерінің түсініктемелері де бар.
Депутаттар АҚШ-қа қол ұшын берген ирактықтардың да анықталуын талап етіп отыр.