2020 жылы инфляцияның жоғары болатынын түрлі ұйымдар болжаған еді.
Қазақстанда бір жылдың ішінде азық-түлік бағасы 20-40 пайыз арасында өсіп, қымбатшылық кезеңін бастан кешірді.
Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, 2019 жылдың желтоқсанынан 2020 жылдың желтоқсан айына дейін қарақұмық 40%, өсімдік майы 33%, қант 33%, ұн 20%, қияр 36% қымбаттаған. Алкогольсіз ішімдіктер 11% қымбаттаса, алкогольді ішімдік 10%, аяқ киім мен киім-кешек 5% өскен.
Ал 2020 жылдың инфляциясы 7,5%-ды құрап отыр. Денсаулық сақтау саласында инфляция 7,4%, мейрамхана мен қонақ үй 7%, транспорт 4%-ға жетті.
2020 жылы инфляцияның жоғары болатынын түрлі ұйымдар болжаған еді. Мәселен, AERC сарапшылары 7,9%-ға, Еуропа мен ТМД елдері бойынша S&P ұйымы 7,7%-ға жетеді деп болжаған.
Ал 2021 жылы Қазақстанда инфляция 6,1%-ға тұрақтамақ. Экономист мамандардың айтуынша, 2020 жыл Қазақстан үшін 1995 жылдан кейінгі ең ауыр жыл болды. Экономикалық өсімі 3,6% төңірегінде тоқырап, сауда-саттық деңгейі $1 млрд төмендеп кетті. Ал 2020 жылы Қазақстанның экономикалық өсімі 4,1 пайызға жетуі мүмкін. Бірақ өткен жылда «қансырап» қалған экономика бір жылдың ішінде қалпына келуі екіталай.
Сондықтан қымбатшылық әлі жалғасуы мүмкін.