Мәскеуге екі шетелдік қабыланы бар ұшақ қонды. Олар Швецияның Nordens Ark хайуанаттар бағынан әкелінген. Бұл Кавказдағы азиялық барысты қайта өсіру бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр. Коронавирусқа байланысты әуе сапарына шектеулер болғандықтан, жыртқыштарды Стокгольмнан Мәскеуге Дубай арқылы алып келуге мәжбүр болыпты. Шереметьевтің жүк терминалында Филоу және Шива атты қабыландарға қолайлы жағдай жасалған.
Дмитрий Горшков, Ресейдегі Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының директоры
Бұл жануарлар Кавказдағы азиялық барыс түрін қалпына келтіру бағдарламасына жаңашылдық енгізетініне сенімдімін. Екі қабыланнан пайда болған күшіктерді Кавказ қорығына және басқа да аумақтарға жіберуге болады деп ойлаймын. Себебі бұл жаңа түр, жаңа генетика.
Филоу мен Шива неміс хайуанаттар бағында дүниеге келген. Олар Швецияға 2014 жылы жеткізілген, содан бері екеуін еш айырмаған. 2016 жылы алғашқы күшіктері пайда болған. Енді бұл жануарлар Сочи ұлттық паркінің Кавказдағы қабыланды қалпына келтіру орталығының аналық қорын толықтырады. Бірақ алдымен олар арнайы ұяшыққа 30 күндік карантинге жатқызылады.