Шаhарда үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүруде. Соған сәйкес «Есіктен есікке» акциясы аясында партия мүшелері тұрғындардың үйлеріне табан тіреп, халық пікіріне құлақ түрді.
«Нұр Отан» партиясының алдағы 5 жылдық жоспарын таныстырып, сайлауалды бағдарламаларының негізгі бағыттарын айтып, саралап берді. Аталған акция күнделікті жалғасын тауып, дәстүрге айналып үлгерген. Тіпті, қала сыртындағы жұрттың жағдайы мен жай-жапсарын білу мақсатында партия мүшелері дамылсыз қызмет етуде.
Бақыт ШЕРКЕШБАЕВА, кандидат
Праймериздің жеңімпаздары топ-топқа бөлініп, «Есіктен есікке» акциясын өткізуде. Алдымыздағы сайлаудың маңыздылығын, яғни сайлаудың ашық та әділ өтуіне тұрғындардың белсенділігі қажет екендігін айтудамыз.
Кездесу барысында сайлаушылар қаланың әл-ауқатын дамыту бойынша өз идеялары мен ұсыныстарын тілге тиек етті. Сонымен қатар, тұрғындар азық-түлік бағамының қымбаттауы қалтаға қиын соғып тұрғандығын айтты.
«Нұр Отан» партиясының Атырау қалалық сайлауалды штабының өкілдері сайлауалды бағдарламада бірқатар мәселе есепке алынғанын айтып, шешуге тырысатындарын жеткізді.
Акция кезінде партия мүшелері қалалықтардың үйлері мен пәтерлерін ғана аралап қоймай, дәріханалар, дүкендер мен супермаркеттерге бас сұқты. Онда партия мүшелері үнпарақтар таратып, азаматтарды алдағы сайлауға белсенді қатысуға шақырды.Осындай кездесуер сайлауға дейін жалғаса бермек.