Индер ауданының әкімі кезінде жерасты қазба байлығымен кеңінен танылған аймақтың бүгінгі тыныс-тіршілігі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы төңірегінде он айда атқарылған істі жіпке тізді.
Мейірім ҚАЛАУИ, Индер ауданының әкімі
Күні бүгінге аудандағы өнеркәсіптің нақты көлем индексі 96,5 пайызды құрап отыр. Бұл 2019жылмен салыстырғанда 8,2 пайызға жоғары. Індетке қарамастан, ауданда жалпы өндіріс сапасы төмен түсіп отырған жоқ.
Ауданда өнеркәсіппен қатар ауыл шаруашылығын дамытуға да мол мүмкіндік бар. Өткен он айда бұл бағыттағы өнім өндіру көлемі 9 млрд теңгеден асқан. Осы саладағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 220 млн теңгеге артып, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 100 процентке жоғары болып отыр. Дегенмен атқарылған жұмыстармен қатар шешімін күткен мәселелердің бар екені жасырын емес.
Қуанғали ҒАБСАЛАМОВ, Индербор кентінің тұрғыны
Кенттің өзінде жол, жаяу жүргіншілер жолы түгелге жақын жасалып болды. Сонымен қатар балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептері салынып жатыр. Саябақтар халықтың игілігіне беріліп жатыр. Кенттің өзінде де үлкен құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Малға жайылыс жоқ. Қырда құдықтар тартылған, бұрынғы құдықтар ашып кеткен. Су көздері тапшы. Болашақта осы су көздерін іздеуді бір мақсат қылып қоюуымыз керек.
Тағы бір инфрақұрылымдық мәселе – магистральды газ құбыры. Біраз жылдан бері тұрғындарға қолайсыздық танытқан темір құбыр толықтай ауыстырылды. Оған қоса орталық алаң қайта жаңғыртылып, көпірге жөндеу жүргізілген, сондай-ақ, жаңа аялдамалар пайда болды. Кент ішінде 20 шақырымға жуық жаяу жүргіншілер жолы салынған. Бұл жұмыстардың бәріне 7млрд теңге жұмсалды.
Мейірім ҚАЛАУИ, Индер ауданының әкімі
Аудан орталығы Индербор кентінде 80-ші жылдаран бері ауыстырылмаған темір құбырмен беріліп отырған магистральді газ құбыры ауыстырылды. Ұзындығы 3 шақырымға жуық. Біріншіден, ауыл ішінің көркін бұзып тұрған болса, екіншіден қыста газ қысымы төмендеп, қолайсыздық тудырып жүрді. Қазір осы жұмыстар толықтай аяқталды. Индербор кентінде орналасқан орталық көпірді орташа жөндеуден өткіздік. 13 аялдама қондырылды, жарықтандыру бірнеше көшеге жүргізілді.
Жыл басында жергілікті бюджет 11 млрд 180 млн теңге болып бекітілген. Дегенмен тағы 3 млрд теңгеден астам қаржы қосылып, бюджет көлемі аудан тарихында тұңғыш рет 14 млрд 500 млн теңгеге жеттті. Десек те жергілікті бюджеттің кірісі өткен жылға қарағанда 6 млн теңгеге аз. Оған себеп мың жарым кәсіпкердің жеке табыс салығын төлеуден босатылуы.
Әлемді шарпыған пандемияның әсері аудан бизнесмендерінің азаюына әкеліп соқты. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының аясында құны 6 млн теңге болатын 3 жоба мақұлданып, жаңа кәсіп иелері анықталды.
Ал аудандағы білім беру саласы індетке қарамастан оқу үрдісін жалғастыра білді.
Бақыт ҚАРАКЕШОВА, зейнеткер
Біздің елдегі төтенше жағдайға қарамастан, ойын алаңдары салынды. Мұның бәрі, әрине, біздің балаларымызды қуантады. Пандемияға қарамастан мектептерде кезекшілік сабақтары ашық. Балалардың барлығы онлайн режимінде айналысады. Балалар білім алуда. Болашақта ауылдың гүлденуіне тілектеспін. Осы аймақты басқаратын әкімдікке осы жұмыс жалғассын және жұмыс күн сайын жалғассын деп тілеймін.
«Еріктілер жылының» еншісіндегі істер де ел есінде. Дендерліктер өз бастамаларымен бірнеше отбасыға баспана алып беруге ұйытқы болды. Пандемияның нағыз күшіне мінген тұста аудан жастары өзара бірігіп, игі істерді жүзеге асыра білді.
Ауданның тұрғын үй құрылысы саласында да ілгерілеу байқалады. Жаңадан мөлтек аудан бой көтеріп, көпқабатты тұрғын үйлерді құрылысы жүргізілуде. Алдағы жылы толық аяқталып, бірнеше отбасы жаңа баспанаға қол жеткізеді деген сенім бар.