Жаңа жылдан бастап жүргізуші куәлігін алып жүрмегені үшін айыппұл салынбауы мүмкін. Көлікті тіркеу туралы құжаттың жоқтығы да жауапкершілік жүктемейді.
Жаңашылдық жол қозғалысы саласындағы заңнамаларды жетілдіруге бағытталған. Заң жүзеге асса, тәртіп сақшылары жүргізушіні тоқтатқан жағдайда жеке куәлікті көрсету жеткілікті. Ал қалған мәліметтер ішікі істер органдарының деректер базасында сақталған. Осылайша, кей құжаттарды қалтаға салып жүрудің қажеттілігі жоғалмақ. ІІМ өкілдерінің хабарлауынша, республика бойынша жауапты органдар бұл өзгеріске толықтай дайын.
Дегенмен Атырау облысындағы жағдай беймәлім болып қалмақ. Себебі өңір полицейлері белгісіз себептермен жауап бере алмай отыр.