Пандемия мемлекеттік қызметтер мен халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы цифрландыру жүйесін жақсартуда. Жауапты министрліктің хабарлауынша, осы жылдың соңына дейін онлайн қызметтерді 90 пайызға жеткізу жоспарлаған.
Оған жер кадастрының қызметтері де кіреді, яғни, мемлекеттік актілерді алу үшін электрондық цифрлық қолтаңбаның болуы жеткілікті. Алайда кей қызметтер оффлайн форматта қала бермек, дейді мамандар. Мысалы, зейнетақы куәлігін алу үшін ХҚО-ға аяқтай барып, қажетті анықтамалар мен құжаттарды тапсыру керек.
Рауан РЫСҚАЛИЕВ, Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау басқармасының басшысы
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіміне сәйкес, 698 қызметтер болса, оның 633-і электронды үкімет порталы арқылы қолжетімді, 169-ы мемлекеттік коорпорациядан көрсетіледі.
Мамандардың сөзінше, көші-қон, шетелдіктерді тіркеу, виза рәсімдеу мен жұмыс жүргізуге берілген рұқсат қағазымен айналысатын бөлім жабылып, орталықтандырылған ХҚО-ға ауыстырылады. Бұл олардың жұмысын оңтайландырып, көпшілікке ыңғайлы орта қалыптастырмақ.
Жаңа жоба Атырау облысында 2 желтоқсаннан бастап күшіне енді.