Тұңғыш Президент күні кешкісін Алмалы ауылында тоқтатылған «Daewoo Мatiz» автокөлігінің 33 жасар жүргізушісінің ішімдік ішкені анықталды.
Сондай-ақ, 2 желтоқсан күні сағат 02:30 шамасында қаладағы Гагарин–Тайманов көшелерінің қиылысында «Ваз 2104» автокөлігі тоқтатылды. Тексеріс кезінде көлік жүргізушісі 1988 жылғы Өзбекстан Республикасының азаматының масаң күйде екені байқалды. Сараптама қортындысы жүргізушінің ішімдік ішкенін көрсетті.
Жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабымен «Көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы» әкімшілік хаттамалар толтырылды. Мамандандырылған әкімшілік сот шешімімен масаң күйде көлік тізгіндеген екі жүргізушіде 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке қамауға алынды.
Сот қаулысында көрсетілген жазаны өтеп болған соң, ары қарай шешім қабылдау үшін, шетел азаматына қатысты іс-құжаттар көші-қон полициясы бөліміне жолданады.