Өңірде соңғы тәулікте 25 адам Covid-19 жұқтырған. Оның 8-і қаладан анықталса, 16-сы Теңіз кен орнынан және 1 адам Индер ауданынан тіркелді.
Дертке шалдыққандардың бесеуінде ауру белгілері бар. Бұған дейін эпидемиологтар бір тәуліктегі көрсеткіш отыздан асса, облыс «жасыл» аймақтан шығуы мүмкін деген еді. Денсаулық сақтау басқармасындағылардың хабарлауынша, қазір 120 адам үй жағдайында ем қабылдауда. Ал облыстық инфекциялық стационарда 34 науқас, аудандағы инфекциялық стационарда 7 және Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарда 86 адам емделіп жатыр.