Жолаушылар тасымалымен айналысатын атыраулық кәсіпкерлердің өкпесі қара қазандай. Субсиядияның дұрыс төленбеуі себепті шығынның орнын толтыру қиындық туғызған.
Ал жыл сайын мәслихат сессиясымен бекітілетін қаржы тек микроавтобус пен газельдер үшін есептеледі. Бұл қаражат ешкімнің жыртығын жамамайды деген кәсіпкерлер әкімдікке субсидияны төлеуді қайта қарастыруды ұсынды.
Қуантай ҚАЛМАН, «Ақжайық Автопарк» ЖШС директоры
Біз үлкен автобустарды жолға шығармақпыз. Бұл субсидия бізге жетпейді. Өйткені, шығын көп. Транспортқа құятын қаржы, жалақы деген сияқты. Жанар-жағармай жеткізіп берушілерге де қарызбыз. Сол себепті, субсидия беру тәртібін қайта қарауды ұсындық. Әкімдікпен бірге жиын өткіздік. Бұл мәселе шешімін табады деп отыр.
Атырау облысында 49 бағыт бойынша 14 мекеме жолаушы тасымалымен айналысады. Ал жолаушылардың 30 пайызы жеңілдетілген картаны пайдаланады. Яғни, әлеуметтік осал топты тасымалдауға төленетін 457 млн. теңгені «Смарт Атырау» коммуналдық мемлекеттік мекемесі әлі аудармаған. Бұл мәселе желтоқсанда өтетін мәслихатта шешілу мүмкін.
Айдос МАМЫТ, облыстық cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары
Біз «Атамекен» ҰКП бірге әр ай сайын немесе кезектен тыс кездесу ұйымдастырып, жиын өткіземіз. Жиын барысында осы мәселе көтерілген еді. Бұл проблеманы шешу желтоқсан айында болатын мәслихат сессиясында қаралады. Енді бар үміт сонда.
Сынға қалған «Смарт Атыраудың» қызметкерлеріне қоңырау шалған болатынбыз. Бірақ басшымыз орнында болмағандықтан ақпараттты әзір бере алмаймыз,- деп, ат-тонын ала қашты. Берешегі бес елі басшының жауабын біз де асыға күтеміз.