Жылыойда кәмелетке толмаған оқушылар арасындағы жүктілік саны артқан. 2019 жылдың 9 айында осындай 27 жағдай тіркелсе, биылғы көрсеткіш 31-ге жетіп отыр.
Осыған байланысты қылмыстық іс көтеріліп, оқиғаның жай-жапсары анықталды. Бұл мәлімет аудандық аналар кеңесінің жастармен өткен кездесуінде белгілі болды.
Сәуле МӘМБЕТОВА, Жылыой аудандық перзентхана меңгерушісі
Қыз тағдыры – ұлт тағдыры. Сондықтан аналар кеңесінің мүшелері мұндай мәселелерге бей-жай қарай алмады. Жергілікті мектептердің қыз оқушыларымен кездесіп, тілге тарттық. Түсік тастаудың салдары мен ерте жүктіліктің қандай проблеммаға әкеліп ұрындыратыны жөнінде көптеген әңгімелер айтылды.
Кездесу барысында кеңес мүшелері, кәсіби гинекологтар сөз сөйлеп, ерте жастағы жүктіліктің соңы қандай қайғылы оқиғаларға әкелетіні айтылды. Бұған тосқауыл қойылмаса, жасанды түсік жататындардың саны да арта бермек. Аудан мектептері жанынан құрылған қыздар клубының жетекшілері өз ұсыныс-пікірлерін білдірді. Соған сәйкес, алдағы уақытта жүйелі жұмыс жоспары құрылып, жүзеге асырылмақ.