Өткен жылмен салыстырғанда азық-түлік бағасы 11 процентке өскен. Мәселен макарон, сұйық май және тоңмайдың құны 17 пайызға өссе, сүт өнімдері мен жеміс-жидек 11, ет және құс еті 5-6, жұмыртқа 13, қант 3 пайызға дейін көтерілген.
Дүкен сөрелерін саралаған мамандардың сөзінше, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасында да шарықтау байқалып жатады.
Зәуреш БАЙМҰХАШЕВА, облыстық статистика департаментінің басқарма басшысы
Өткен жылғымен салыстырғанда азық-түлік тауарларына баға өсімінің 10,8 пайызға көтерілгені байқалды. Оның ішінде ұн және жармалар 30-40 пайызға дейін шарықтаған. Өсімге жергілікті тауарлардың болмауы себеп болып отыр. Өнімнің көбі басқа қаладан әкелінеді. Бір сөзбен айтқанда, тауар жеткізушілерге байланысты.
Жергілікті өндірушілердің болмауы бағаға тікелей әсер етеді деген жауап қыркүйек айында да естілді. Айта кетейік, биыл облыстық бюджеттен әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын тұрақтандыру үшін 780 млн теңгеге жуық қаржы бөлінген еді. Қаражаттың тең жартысы белгілі бір сауда желісіне бір жылға қайтарымды негізде берілді. Дегенмен жұмсалған ақша мен атқарылған істерге қарамастан қымбатшылықққа тосқауыл қойылмай тұр.
Тұрғындардың сөзінше, күнделікті қолданылатын өнімдер айтарлықтай қымбаттаған. Сондай-ақ, тауардың үстіне тиын қосып сататын нысандардың басым бөлінгі ірі сауда орындары емес, шағын дүкендер көрінеді.