Цифрландыру – барлық реформаның негізгі элементі. Осындай тақырыпта Мақат ауданында кең көлемдегі ықпалдастық кездесу өтті. Шараға арнайы келген облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары көлеңкелі экономикаға тосқауыл қою және өңірлердегі төртінші деңгейлі бюджетті дамыту мәселелерін талқылады. Басқосуда Елбасы тапсырмасына сәйкес, алдағы бесжылдықта көлеңкелі экономиканы қысқарту қажеттігі сөз етілді. Осыған орай елімізде 2019-2021 жылдарға арналған іс-шаралардың бекітілгенін, мемлекеттік сатып алуға қатысушыларды қазынашылық демеуді енгізу, заңнаманы жетілдіру және қолма-қол ақысыз төлемдер инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыстардың жүріп жатқандығы айтылды. Мақат ауданында жыл басынан бері көрсетілген 11 мыңнан астам мемлекеттік қызмет түрінің 99%-ы электронды түрде жүзеге асқан. Сондай-ақ, мың жарымға жуық салық төлеуші тіркелген болса, оның үштен бірі онлайн касса аппаратын пайдаланып отыр.
Ербол ЕРМАҒАМБЕТОВ, Мақат кентінің әкімі
Негізгі мәселе төртінші бюджетке түсетін кіріс көзін кеңейту, соның ішінде салық түсімдерін ұйымдастыру жұмыстары бойынша түсінік жұмыстары жүргізілді. Кәсіпкерлер мен жергілікті атқарушы органдармен жергілікті өзін-өзі басқару өкілдерімен. + Төртінші деңгейлі бюжджетпен осы жердің тұрғындарымен әрбір көшенің тұрғындарымен жергілікті қауымдастық пен ақылдаса отырып жергілікті бюджетті игеруді қазіргі таңда игеруді бастадық.
Шара соңында аудан әкімдігі мен облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің бірлескен 2020-2025 жылдарға арналған өзара тиімді және ұзақ мерзімді ынтымақтастық стратегиясы бекітілді.