Облыс әкімі көш соңынан көтеріле алмай тұр. toppress.kz. ақпараттық порталындағы мәліметке сәйкес, Махамбет Досмұхамбетов өңір басшыларының арасынан 15 орынға тұрақтаған. Тізімді көршілес Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Тұрымов қорытындылап тұр. Бұл жолғы рейтинг коронавирус кезіндегі дағдарысқа қарсы шаралар мен екінші толқынға бағытталған дайындық негізінде құрылған. Облыс әкімі үшін соңғы айлар оңайға соқпады: біраз уақыт бұрын орынбасары парамен ұсталып, беделіне айтарлықтай нұқсан келген еді. Оған қоса, оқушыларға берілген планшеттерден ақау шығып, әкімдік тағы дауға қалды. Білім беру саласындағы кем-кетік мұнымен бітпеді: оған дәлел – сапасыз салынған құрылыс нысандары. Осылайша, шілдедегі шалалықтың орны толмады. Үміт ақталмады.