Вирусты гепатиттің алдын алыңыз. Осы бағытта салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының қызметкерлері Исатай аудандық орталық ауруханасында тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын өткізді. Мамандардың айтуынша, вирусты гепатит кезінде бауыр зақымдалып, зат алмасу процессі бұзылады. Сондықтан спортпен шұғылданып, тазалықты басты назарға алған жөн,- дейді олар.
Анара СҮЛЕЙМЕНОВА, Атырау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының медбикесі:
Вирусты гипатит ауруының созылмалы түрі қатерлі бауыр ісігіне апарып соқтыруы мүмкін. Сондықтан өз денсаулықтарыңызды өздеріңіз күтіп, дұрыс тиімді тамақтанып салауатты өмір салтын ұстаныңыздар. Қандайма аурудың алдын алу үшін уақытылы екпелеріңізді алып, скрингтік тексерістерден өтіп тұруыңызды сұраймыз.
Дертке балалар шалдықса, жиі шаршап, тәбеті төмендеп, дене қызуы көтеріледі. Сондай-ақ, бауыр тұсы ауырып, құсып жатса, бірден дәрігердің көмегіне жүгіну керек.
Сәуле ҚАЙРДЕНОВА, Исатай аудандық орталық ауруханасының дәрігері
-Вирусты гепатитте бізде А түріне жаңағыдай екпелеріміз бар. 2,5 – 3 жаста салынады бірінші кезең, екінші кезең 6 айдан кейін тағы салынады. Ал вирусты гепатиттің В түріне ол қан арқылы аритериалды жұғады дейді. Ол түріне раддомда бала дүниеге келгеннен кейін 12 сағаттың салынады. Одан кейін ол емханада жалғастырылып салынады.
Мамандар ата-аналарға екпеден бас тартпауға кеңес береді. Себебі жұқпалы ауруды таратпаудың бірден бір жолы – осы.
Эльмира САҒЫНБАЕВА, Тұщықұдық ауылының тұрғыны
Мен өзім кішкентай балаларымды дер кезінде вакциналарын алуға апарам. Төрт балам бар олардың бәрін манағы екпе жұмыстарынан қалдырмаймын. Денсаулық сақтау ұйымынада рахмет, осындай жұмыстар жүргізіп тұрады, мағлұматтар беріп тұрады.
Аудан тұрғындарымен өткен кездесуде ақпараттық жаднамалар таратылды. Қатысушылар сұрақтарға жауап беріп, ерекше белсенділік танытты. Ал ең ынталы тұрғындарға облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығынан арнайы сыйлықтар берілді.