Қала тұрғындары 5 күннен бері түтінге тұншығумен болды. Облыс орталығынан 30 шақырым қашықтықта өртенген қамыс маңынан экология департаментінің мамандары сынама алды. Дегенмен олар ауаның ластануы шекті деңгейден аспағанын айтып отыр.
Сырым ТІЛЕГЕНОВ, облыстық Экология департаменті басшысының орынбасары:
10 -13қазан күні Қазгидромед мамандарымен бірлесіп шығып тағы қосымша сынама алынды. Сынама кезінде ешқандай ауытқу анықталған жоқ. Ол желдің бағытынан деп санаймын.+++2:20 шектелу рауалды концентрация ПДК дейді. Сол пдк-дағы көрсеткіштен төмен болған жағдайда адам денсаулығына кері әсер етпейді деген мағына береді.
Экологтар қара түтіннің зияны жоқ десе де, тұрғындар бұған кереғар пікір білдірді.
Халықпен бірге дәрігерлер де экологтардың пікірімен келіспейді. Ақхалаттылардың айтуынша, қою түтін адам бойындағы түрлі созылмалы ауруларды қоздырады. Күнделікті зауыттың қалдықтарына тұншыққаны аздай, атыраулықтар енді аллергиялық аурулармен алысып отыруы мүмкін.
Әсел САҒЫНҒАЛИЕВА, дәрігер:
Атмосфералық ауаның әр түрлі зиянды заттармен былғануы адам органының соның ішінде жүрек қан-тамыр ауруларының, қатерлі ісік ауруларының және тыныс алуға көптен көп әсерін тигізеді. Атап айтатын болсақ, тыныс демікпесіне түтіннің әсері зор. Сонымен қатар, аллергиялық ренит, мұрыннан су ағу, бітелуі, түшкіру, созылмалы бронхит туындауына әкеліп соқтырады.
Өкінішке орай, әу бастан құтқарушылардың қызыл жалынды ауыздықтауға қауқары жетпеді. Тек бесінші күн дегенде қамыс өрті толықтай ауыздықталды. Төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша, әуеге 29 рет көтерілген тікұшақ 87 тонна су шашқан. Әйтсе де, мамандар өртенген аумақ көлемін әлі анықтай алмай жатыр. Бұл – биылдыққа тіркелген бірінші жағдай емес. Қалай десек те, жиі қайталанатын өртке жергілікті билік қалай тосқауыл қоюды әлі білмей келеді.