Нұрсая ықшам ауданындағы көпқабатты үйлердің астыңғы іргелік қабаттары 10 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылмай тұр. Жүздеген мың шаршы метр жер қазір қоқыс полигонына айналған, бұл жаңа ықшамауданның келбетіне сай келмейді.
Сынған терезе, сорғалаған су, сыны кеткен қабырға. Осы мәселе жөнінде тұрғындар әкімдікке бірнеше рет шағымданған. Бірақ мұндай орындардың бір бөлігі қалалық әкімдіктің меншігінде емес екені белгілі болды.
Жауаптылардың айтуынша, көбінің иесі болғанмен, елдегі дағдарысқа байланысты жоспарлы бизнес бастаусыз қалған. Ал орындарды үлестіруге келетін болсақ, астыңғы қабаттардың бір бөлігі жалға беріліп, қалғаны конкурстық негізде тек ақша табудың ошағына арналмаған қызмет түрлеріне сенімгерлік басқаруға беріледі. Мысалы, бұл арада әлеуметтік немесе мәдени-спорттық ұжымдарды айтуға болады.
Гүлхан ҒАЛЫМЖАНОВА, Атырау қалалық қаржы бөлімі басшысының орынбасары
35 цокольдық қабаттың 20-сы сенімгерлік басқармаға берілді. Оның 2-уі жалға берілді. Екеуі сенімгерлік сатып алу құқығымен басқаруға берілді. Биыл сол цокольды қабаттардың 7-уі маусым-шілде айларында берілді. ++хаттары түсті карантин шараларының басталуына байланысты ремонт жүргізе алмай жатырмыз деп. Сол себептен тұрып қалды жұмыс.
Жақын арада әкімшілік өз балансында 35 тұрған үйдің астыңғы іргелік қабаттарын ретке келтіруге кепілдік берді. Ал қалғандарына келетін болсақ, олар жеке тұлғалардың меншігі болғандықтан, жауапкершілік те жеке басқа тиесілі. Алайда мұның да шешімі бар. Қала әкімдігі бұл қабаттарды пайдаланбау фактісі бойынша сот ісін бастап, коммуналдық қорға қайтара алады. Бірақ бүгінге дейін мұндай жағдайлар болған жоқ.