Атыраулық әншінің «Жайықпен жүздескенде» атты әніне түсірілген бейнебаян қысқаметражды фильмдерге арналған «Байқоңыр» фестивалінде топ жарды.
Мұхтар Шахановтың сөзіне жазылған ән Бексұлтан Бақытжанның интерпритациясымен дыбысталып, әртістің ән-жинағына кірген. Мұнда қазақ ұлтының басына түскен ауыртпалықпен қатар, көшпелі халықтың мұқалмаған жігері мен жан-дүниеңді жадыратар Жайық өзені туралы баяндалады. Сондай-ақ, сазгердің ақпан айында жарыққа шыққан «Желтоқсан» атты тағы бір туындысының бейнеклибі тамыз айында тұсауын кесісімен аталған байқауда 2 бірдей номинацияны жеңіп алды. Оған «үздік музыкалық бейнефильм» және «бейнефильмдегі үздік оператор» марапаттары бұйырған.
Бексұлтан БАҚЫТЖАН, әнші:
Мұхтар Шахановтың кітабын оқып отырып, Жайыққа арналған өлең таптым. Сосын өлеңге салып оренжировка жазып бастадық. Сонымен осындай бір ән шықты. Жалпы өлеңнің тақырыбына келетін болсақ ақыннның Жайыққа келуі, Жайықпен сырласуы, адамдардың адамдармен байланыстылығы тарихтың көлемінде адамның рөлі сияқты тақырыптарлды қозғайды.
Үздік деп танылған бейнебаянды 50 шақты адам дайындаған. Олардың ішінде Айтөре Жолдасқали және Ерғазы Бегіліков секілді қазақстандық жас режиссерлар бар. Бір қызығы, клип түсіруге өзін шығармашылық топтың жанкүйері санайтын адамдар қаржылық көмек көрсетіпті. Тиісінше, қажетті 1 млн теңге 3-ақ күннің ішінде жиналған.