Екінші дүниежүзілік соғысқа Индер ауданынан 3 654 азамат аттанса, 1 987-сі от ортасынан оралмаған. Солардың бірі – Боран Нысанбаев. Батырды ұрпаққа ұлықтау мақсатында Көктоғай ауылында Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің «Әскери даңқ» бөлімшесі ашылды.
Қатимолла РИЗУАНОВ, облыстық ардагерлер Кеңесінің төрағасы
Тарихтағы ең зұлмат соғыс екінші дүниежүзілік соғыс. Ұлы отан соғысы елге халыққа, ұрпаққа өзінің зиянды әсерін қалдырған үлкен оқиға. Осы оқиғада бірнеше бір үлгі алатын ерліктері көпке үлгі болатын тәрбие жұмысына пайдалануға болады деген сияқты азаматтардың тарихтан аттары белгілі.
Мәдениет үйінің қабырғасында ашылған бөлмеде Боран Нысанбаевтың ерлікке толы өмірін кеңінен насихаттауға мүмкіндік жасалған. Одан көрермен ауылдың тарихы мен бейнематериалдарын 3D форматы арқылы тамашалай алады.
Айгүл РАМАЗАНОВА, бас қор сақтаушы
Мақсатымыз – музейдің аудиториясын кеңейту. Жұртшылыққа кеңінен насихаттау. Ғылыми тұжырымдасына келетін болсақ Боран Нысанбаев музейінің бірінші экспозициясы Боранның балалық шағынан басталды. Бейбіт өмірі Қазақтың көрсету болды. Екінші мектептің өмірі.Боран отырған парта. Сонымен қатар соғыс ардагерлерінің және еңбек ардагерлінің ролін насихаттау. Тылда еңбек еткен аналарымыздың еңбегін көрсету болды.
Осы шараға арнайы қатысқан батырдың бауырларына да құрмет көрсетілді. Олар ұлын ұлықтаған дендерлік ағайынға алғыс білдірді.
Лұқпан ЕСЕНҒАЛИЕВ, батырдың бауыры
Ер есімі ел есінде деген міне бүгін музейдің ашылуына қуаныштымыз біздер.Әскери – патриоттық тәрбие беруге жастарға өте маңызы зор деп түсінеміз. Өйткені, жастар ата-баба біздің жерімізді елімізді қалай қорғағаны туралы, бұл жеңіс қиыншылықпен келгені жастарға тәрбие беруде үлкен маңызы зор.
Атыруа өңірінде Боран Нысанбаевтың атында 14 көше, 2 мектеп бар. Сондай-ақ, ол ерлікпен қаза тапқан Лески ауылында да тәрбиелік шаралар тұрақты өтіп тұрады.