Бұған қала маңындағы «AG Desinfection Services» ЖШС-не қарасты қоқыс өртеу аймағында сақталмаған қауіпсіздік шаралары дәлел болады. Көрші орналасқан қалдықтарды өңдеу мекемесінің өкілі медициналық қоқыстарды үй жағдайында өртеудің адам өміріне қауіпті екенін айтады.
Боранбай КҮМІСБЕКОВ, қалдықтарды өңдеу маманы
Осы салада жұмыс істеп келе жатқасын бұнын қалай өңделу керек , қалай отқа жағылу керек біраз біліміміз бар. Көп заңға жатпайтын нәрсе деп есептейміз. Медициналық қалдықтар тек қана қалдық емес оның ішінде әртүрлі пластмасса, шприц әртүрлі дәрілер болад, оның бәрі отқа жанғанда иістер жанағыдай газдар шығарад. Оның установкісінде жолында ұстап қалатын құрылғылар болу керек.Біз көріп отқан сыртынан көріп отқан инсенератор қарапайым үйдің пеші сияқты пеш. Ал шыңдығында олардың зиянды қалдықтарды ұстайтын , уларды ұстайтын құрылғылар жоқ.Сондықтан өртеген уақытта қара түтін шығады.
Мекеменің бұл зиянды әрекетін әлеуметтік желіден көрген соң арнаулы орган өкілдері іске кірісіпті. Атырау облыстық экология департаментінің мәліметінше, жиналған материалдар полиция департаментіне жолданып, құқық қорғаушылардың жедел-тергеу тобы оқиға орнына арнайы келген.
Сырым ТІЛЕГЕНОВ, облыстық Экология департаменті басшысының орынбасары
Сол ЖШС-ке қатысты қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. + 03: 00 Негізі медициналық қалдықтар арнайы пеште өртеледі, негізінен муфилді пеш дейді, инсенератор деп аталады.Бұл қалдықты заңды түрде өртеу үшін арнайы кәсіпорын жоба дайындайды. Жоба деген міндетті түрде мемлекеттік экология сараптама оң қорытындысын алу қажет.
Маман экология депараментінен аталған ұйымға жоба сараптамасының оң қорытындысын растайтын құжат берілмегенін айтты. Ал екінші тарап «Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасынан» рұқсат алғанын полицияға хабарлаған. Не болса да, экология департаменті іске қатысты барлық материалдың дайын болуына қарай заңда көрсетілген тиісті шараларды қолданбақшы.