Енді оң жақты рөлді сол жаққа ауыстырған көлік иелері қауіпсіздік сертификатын Атыраудан да ала алады. Осыған дейін Қостанай мен Алматыға барудан бас тартқан жергілікті тұрғындар енді облыс орталығында ашылған лабораторияға жүгінетін болды.
Іске қосылған Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығының зертханасында күніне 25 техника тексеруден өтетін мүмкіндікке ие. Филиал директорының айтуынша, клиенттердің көптігінен қызметкерлер демалыс күндері де жұмысқа шығуға дайын. Ал автокөлік иелері қажетті рәсімдерден 1 наурызға дейін өте алады. Алдымен мамандар автомобильдің қайта жасақталған бөлігінің сапасын анықтайды, содан кейін ғана тікелей тәжірибе жүзінде тексеруге кіріседі.
Нұрлан ОРЫНБАЕВ, директор АФ «Национального центра экспертизы и сертификации»
Қадағалауды орталықтан өткіземіз. Оның құны 300тг деп белгілеп қойды. Егер әрі қарай өтетін болса, стандартқа сай болса 25мың тг төлейді.
Атырауға Армениядан барлығы 7 мыңға жуық машина әкелінді. Оның 2 мыңға жуығы рөлін оң жақтан сол жаққа ауыстырған.