Мазардың күл-талқанын шығарды деген күдікті қолға түсті. 27 қыркүйек күні түскі уақытта Қызылқоға ауданындағы «Мәтен қожа» түнегіне белгісіз біреулер өрт қойып, маңындағы 13 бейіттің құлпытасын қиратқан.
Нәтижесінде, Атырау облысы полиция департаменті мен Қызылқоға аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері іске қатысы болуы мүмкін 43 жастағы азаматты құрықтағанын хабарлады.
Гүлназира МҰХТАРОВА, Атырау облыстық ПД баспасөз хатшысы
Күдіктінің 1977 жылы туған аудан тұрғыны екені анықталды. Қазір ол уақытша ұстау орнына қамауға алынып, басқа да қылмысқа қатыстылығы тексерілуде. Сотқа дейінгі тергеп тексеру ҚР ҚК-нің 314 бабы, яғни Өлген адамдардың мәйiттерiн және олар жерленген жерлердi қорлау ісі бойынша жүргізілуде.