Атыраудағы №20 Пушкин атындағы орта мектепке жарылғыш зат қойылған. Осындай хабарды естіген төтенше жағдай қызметкерлері таңертеңгі сағат 10 -да оқу орнына лезде жетті.
Куәгерлердің сөзінше, мамандар ғимаратты бір жарым сағаттай тексергенмен, қауіпті зат табылмаған. Есесіне, жалған ақпарат таратушы адам ұсталыпты.
Қазір білім ордасының кезекші сыныбында 20 ұстаздың алдында 124 оқушы дәріс алып жатыр. Мектеп қызметкерлері олардың барлығы тысқа шығарылып, қауіпсіз аймаққа орналастырылғанын айтты.