Маңғыстау облысындағы теңіз жаяу әскері бригадасының танкшілері «Оймашы» полигонында жауынгерлік шеберліктерін шыңдады. 30-дан астам теміртабанды техника қатысқан дайындықтың басты мақсаты – әр сарбаздың кәсіби деңгейін арттырып, әр танктің әлеуетін байқау.
Алғашқы жаттығуда экипаж мүшелері жүріп келе жатып әртүрлі қашықтықтағы нысананы дәл көздеді. Жеке құрам қатысатын осындай дайындықтар дәстүрлі түрде жылына екі рет өткізіліп тұрады. Ол танкшілердің жоғары деңгейін ұстап тұру үшін қажет.
Әлихан БӨРІБАЕВ, сержант:
Атыс қорытындысы бойынша құрам үздік нәтиже көрсетті. Экипаждар барлық тиісті нормативтерді сақтап, сапалы әрі жылдам орындап, нысананың көзін жойды.
Теңіз жаяу әскері бригадасының танкшілері ҚР Қарулы Күштерінің қатарында халықаралық әскери сайыстарға жиі қатысып тұрады. Осыған қарап-ақ олардың дайындығы қаншалықты деңгейде екенін білуге болады.